Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров экономикалық тұрғыда оң өсім көрсеткен өңірлерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Барлық 7 экономикалық көрсеткіш бойынша оң өсу 7 өңірде – Қызылорда, Абай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында байқалды, - деді Байбазаров Үкімет отырысында.
Сондай-ақ вице-премьер құрылыс саласында жоғары өсім қарқыны сақталып отырғанын айтады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,7 пайызға ұлғайды. 18 өңірде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жетісу, Қызылорда, Жамбыл және Павлодар облыстарында байқалды. Қааңтар-ақпанда 2 млн шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,4 пайызға төмен, - дейді ол.
Байбазаров сонымен бірге Ұлытау, Маңғыстау, Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі айтарлықтай төмендегенін атап өтті.
Ең жоғары көрсеткіш Жетісу облысында және Астана қаласында тіркелді.
Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 1,3 пайызға өсті. Ең жоғары өсуді Алматы, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті, - деді ведомство басшысы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Қазақстан экномикасы жыл басынан бері қанша пайызға өскенін айтқан еді.