Қай өңірдің мұғалімдері жазда 66 күн демалады

15 Мамыр 2024, 18:20
21171
Бөлісу:
Қай өңірдің мұғалімдері жазда 66 күн демалады
Фото: - архив

ОКҚ алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мұғалімдердің еңбек демалысы неше күн екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұғалімдер жазда қанша күн демалады? Олардың еңбек демалысының ақысы қанша күнге және қалай төленеді? – деп редакциямыз министрлік өкілдеріне сұрақ жолдады.

Наталья Жұмаділдаева мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына шығатынын атап өтті.

Сонымен бірге бізде экологиялық апат аймағында орналасқан өңірлер бар. Олар: Қызылорда, Абай және Шығыс Қазақстан облыстары. Бұл өңірлерде сәйкесінше қосымша күндер қосылады. Қызылорда облысында 9 күн, Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында 10 күн қосылады. Яғни мұғалімдер жаз кезінде 56 күн, ал экологиялық апатқа жататын өңірлердегі мұғалімдер 65 және 66 күн демала алады, - деп түсіндірді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы