Қай өңірдің азаматтары банкротыққа өтінішті көп берген? - комитет жауабы

Бүгiн, 12:13
185
Бөлісу:
Қай өңірдің азаматтары банкротыққа өтінішті көп берген? - комитет жауабы
Фото: BAQ.KZ архив

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов елімізде банкронтыққа өтінімді көбіне ер адамдар бергенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақында мұндай статистиканы қарадық. Елімізде банкронтыққа өтінімді ер адамдар – 53%, әйелдердің 47% береді, – деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.

Ахметов қай өңірлер банкронтыққа өтініш беру бойынша көш басында тұрғанын айтты.

Бүгінге дейін банкрот деп тану бойынша 131 мың өтініш қаралды. Тізімнің көш басында оңтүстік өңірлер тұр. Өйткені ол жақта халық тығыз қоныстанған. Тізімнің басында Алматы облысы, Алматы қаласы, Жамбыл және Түркістан облыстары тұр, – деді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін Сейілжан Ахметов елімізде 17,8 мың адам банкрот деп танылғанын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы