Бұл туралы депутат Серік Шайдаров бүгін Сенатта өтіп жатқан Парламенттік тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәселен, 2010-2020 жылдар аралығында көші-қон ағыны есебінен халықтың өсуі Ақтөбе облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды. Бұл өңірлерде бүгіннің өзінде ел халқының 36%-ы тұрады. Сонымен қатар халықтың жүйелі түрде кетуі Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алуда. Мұның бәрі, сайып келгенде, өңірлер арасындағы елеулі әлеуметтік және экономикалық теңгерімсіздіктерге ғана емес, сондай-ақ елді мекендердің, әсіресе шекара маңы облыстарының әлсіз қоныстануына байланысты ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің туындауына алып келеді, - деп атап өтті сенатор.
Айтуынша, өңірлерде жұмыс орындарын ашу және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жақын арада орталық және жергілікті билік үшін басым міндет болуға тиіс.
Бұл ретте бұл жұмыс, ең алдымен, өңірлік стандарттар жүйесіне байланысты және қалалық және ауылдық тұрғындар үшін әлеуметтік және инженерлік-техникалық инфрақұрылымдар объектілері мен қызметтерінің қолжетімділігінің ең төмен міндетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Өз кезегінде, 2019 жылдан бастап қолданыстағы өңірлік стандарттар жүйесі қайта қарауды талап етеді деп есептейміз. Өйткені ауылдық елді мекендер үшін бекітілген объектілер мен қызметтер тізбесі ветеринариялық пункт, мал қорымдары қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары сияқты маңызды орындарды көздемейді, - деді Серік Шайдаров.