Қазақстанда 2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2%-ға төмендегені байқалады (өткен жылғы 42 752 іске қарсы 30 173 іс), деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес:
Аймақ бойынша ұрлық ең көп:
Алматы (қ) - 7154,
Астана (қ) - 3541,
Алматы -2197,
Қарағанды - 2114,
Қостанай – 1519,
Ақтөбе -1413, облыстарында және 1447-сі
Шымкентте болған.
Ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеді.
Еліміз бойынша барлығы 7967 (8984) аталған қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.
Олардың басым бөлігі:
Алматы (қ)- 2287,
Астана (қ) - 844,
Алматы - 576,
Қарағанды - 527,
Ақтөбе - 424,
Абай – 431, облыстарында және
Шымкентте – 467.
Автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз.
Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.
Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, төмендеу 17,7%.
Мал ұрлығы фактілерінің көпшілігі :
Алматы -172,
Батыс Қазақстан – 124,
Түркістан -124,
Жетісу - 93,
Жамбыл – 68,
Абай - 66 облыстарында тіркелген.