Қай өңірде қыз көп?

7 Наурыз 2023, 18:48
1442
Бөлісу:
Қай өңірде қыз көп?
Фото: sn.kz

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қазақстан әйелдері туралы статистиканы ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 1 ақпандағы соңғы мәліметтер бойынша елімізде 10 118 282 әйел тұрады, оның 6,3 млн-ы қалалық жерде, 3,7 млн-ы ауылды жерлерде тұрады. Өңірлер бөлінісінде әйелдердің саны бойынша Алматы қаласы (1 157 823), Түркістан (1 040 069) және Алматы облысы (753 562) көш бастап тұр.

Қазақстандық қыз-келіншектердің орташа жасы 33,7 жасты құрайды. 

Айта кетейік, көрсеткіш 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,6 жылға ұлғайды. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы карантин болған 2020-2021 жылдардан кейін қайтадан өсе бастап, 78,3 жасты құрады.

Еңбек нарығында 4 302,6 мың әйел жұмыспен қамтылған. Олардың басым көпшілігі білім беру саласында еңбектенеді – 851 мың, тағы 828 мыңы көтерме немесе бөлшек саудамен айналысады, 451 мыңы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында. 401 мың әйел денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында, тағы 328 мыңы өнеркәсіп секторында жұмыс істейді. Тек 74 мың әйел өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейді.  

Айта кетейік, 849 мың әйел жеке кәсіпкерлік субъектілерінің басшысы болып келеді, бұл тіркелген ЖК-нің жалпы санының 53,5% құрайды.

Өзгелердің жаңалығы