Қай облыста дағдарыс орталықтарынан көмек сұрайтындар көп?

18 Қазан 2022, 11:53
725
Бөлісу:
Қай облыста дағдарыс орталықтарынан көмек сұрайтындар көп?

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Министрдің айтуынша, екі көңіл алаңдатарлық жайт бар. 

Біріншісі, өтініш білдіргендердің (дағдарыс орталықтарына - ред.)  67%-ға жуығы немесе 2 мың 661-і- зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе куә болған балалар. Екінші, қызметтердің негізгі алушылары көпбалалы отбасылар. Егер өңірлік құрылымға қарасақ, көмек сұрағандардың ең көп саны Павлодар облысында – 636 адам, Жетісуда – 470 адам, Шымкент қаласында – 358 адам, Алматы қаласында – 343 адам. Жоғары деңгей Астана қаласында (290 адам), Қызылорда (271 адам), Ақтөбе (265 адам) және Жамбыл (238 адам) облыстарында да байқалады, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар бұл саладағы тәуекелдерге 3 себеп бар екенін айтты. 

Оның бірі – мұндай топтармен посфактум жұмыс істеу тәсілінде болып тұр. Сондай-ақ Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарын қоспағанда, өңірлерде дағдарыс орталықтарының желісі дамымаған. Мәселен, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар бойынша тұрақты үштіктегі жетекші өңір – Шығыс Қазақстан облысында бір ғана орталық жұмыс істейді. Ол  Өскемен қаласында орналасқан тек  12 төсек-орынға арналған орталық. Аталған орталықтардың қашықтығы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігінің оларға деген қол жетімсіздігіне алып келіп отыр, - деді Тамара Дүйсенова. 

Сондай-ақ министр бұл проблемаларды шешу зорлық зомбылық зардабына түсу ықтималы жоғары отбасылармен немесе азаматтармен алдын ала жұмыс істеу механизмін ендіруді талап ететіндігіне назар аударды. 

Сондықтан орталықтағы уәклетті органдар және әкімдер отбасының цифрлық картасын пайдалана отырып, тәукел ықтималы жоғары  мақсатты топты анықтауы керек. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысын жетілдіру және бұл жұмысты  алып баратын негізгі институт ретінде  жергілікті жерлерде  ашылған «Бақытты отбасы» мекемесін анықтау қажет. Мақсатты топқа кіретін азаматтарға жергілікті әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде қосымша әлеуметтік қолдау көрсету, жұмысқа орналасуға және оңалтуға жәрдемдесу шараларын қарастырған жөн. Жеке сектор субъектілерін тарта отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік бейімдеу орталықтарының желісін кеңейту мәселесін пысықтауды  тапсыруды сұраймын, - деді Дүйсенова Үкімет басшысына қарата. 

Өзгелердің жаңалығы