Қай министрлік бюджетті игере алмай отыр

12 Шілде 2023, 11:31
708
Бөлісу:
Қай министрлік бюджетті игере алмай отыр
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алты айдың есебін берген Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қай министрлік бюджетті игере алмай отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы 6 айда мемлекеттік бюджетке 9,2 трлн. теңгеден аса кіріс, ал республикалық бюджетке 6,1 трлн. теңге түскен.

Ал Республикалық бюджет бойынша шығыс сомасы 11 трлн. құраған.

Атқарылмаған сома 62 млрд. теңге, оның ішінде 13 млрд. теңге үнемдеу болса, игерілмегені 49 млрд. теңге. болған.

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, мәдениет және спорт және сыртқы iстер министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері - конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі, есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жергілікті бюджеттердің шығыс көлемі 5,8 трлн. теңге болғанын атап өтті.

Атқарылмағаны 28 млрд. теңге. Ағымдағы жылы өңірлерге 2 трлн. теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 шілдеге 755 млрд. теңге бөлінген. Оның 99,0%-і игерілген. Игерілмегені – 8 млрд. теңге. Ең көп игерілмеу - Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Атырау облыстарында қалыптасты, - деді Қаржы министрі.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджетке 6,1 трлн. теңге түсіп, жоспар 94,7%-ға орындалғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы