Қай елдерде қазақстандықтар заңды жұмыс істеп жүр

20 Наурыз 2024, 16:27
692
Бөлісу:
Қай елдерде қазақстандықтар заңды жұмыс істеп жүр
Фото: pixabay.com

Атырауда өткен құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелде 200 мыңға жуық қазақстандық заңды түрде жұмыс істеп жүргенін айтты. Бұл қандай елдер? Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа брифинг барысында журналистер сауал қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша Қазақстан Конституциясы бойынша әр адам қайда барғысы келеді, қайда тұрғысы келесі өзі біледі. Себебі, оның заңды түрде құқығы бар.

Шетелде жұмыс істе не істеме деп ешкім айта алмайды. Бұл әр адамның өз еркі. Айтайын дегенім, елімізде тек заңсыз жұмыс істеп жүрген (қазақстандықтарды) көріп, олардың жағымсыз оқиғаларын естіп, шетте жүрген (қазақстандықтардың) бәрі қиналып жүрген деген пікір қалыптасқан. Бұл дұрыс емес. Өйткені, шетелде қаншама Қазақстанның азаматы жақсы жұмыс істеп жатыр. Олардың жалақысы жақсы, тәжірибесі мол, интеллектуалы жоғары. Мысалы, Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген 8-9 мың адам болса, заңды түрде (жұмыс істеп) жүргендер 20 мыңнан адамнан асып түседі. Олардың бәрі жұмыс істеп жүр. Пластикалық хирургтан бастап, шаштаразға дейін. Одан ұялудың қажеті жоқ. Оған қайта мақтануымыз керек. Біздің білімді азаматтарымыз шетелде өз орнын таба алады деген сөз, - деді Айбек Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы