АҚШ-тың Техас штатында қауіпті жүгі бар жүк пойызы апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC 5 арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Форт-Уорт қаласынан шамамен 100 шақырым жердегі Пало-Пинто округінің Гордон қаласында болды. Рельстен шыққан оннан астам цистерна мен жүк вагонының кейбірі өртеніп кетті.
Билік тұрғындарды эвакуациялаған жоқ, бірақ оқиға орнына жақындамауға ескертті.
Айта кетейік, бұл – тамыз айындағы үшінші теміржол апаты. 9 тамызда Ресейдің Нижний Новгород облысында туристік пойыздың паровозы рельстен шықса, 2 тамызда Еврей автономиялық облысында бес вагон жанармайымен аударылған.
Сондай-ақ, шілде айының соңында Германияның оңтүстік-батысындағы Биберах ауданында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, оқиға салдарынан кемінде 3 адам көз жұмып, 34 адам жарақат алған.