"Қауіпті кезең әлі алда": Атығаев тілсіз жауды болдырмау жолдарын атады

29 Мамыр 2023, 13:44
809
Бөлісу:
"Қауіпті кезең әлі алда": Атығаев тілсіз жауды болдырмау жолдарын атады
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ

Жыл басынан бері өңірде 16 орман өрті тіркелді. Олардың себептері қандай? Тілсіз жауды қалай болдырмауға болады? Қандай шаралар қабылдау керек? Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев айтып берді, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың хабарлауынша, өткен жылмен салыстырғанда осы көктемде орман өрттерінің саны 23%-ға өсті, аумағы екі есеге ұлғайды. Барлық жағдай сәтті аяқталғанымен, шешуді қажет ететін көптеген мәселе бар.

ТЖД бөлімшелері тәулігіне 20-30 рет өртке шығады. Облыстың орман мекемелерінде өрт сөндіру техникасы, тракторлар, мотоциклдер, мотопомпалар мен радиостанциялар жетіспейді. Өткен маусымда Зеренді ауданының «Көкшетау» МҰТП аумағында орман мекемелерінің нашар жарақтандырылуы және сумен жабдықтаудың болмауы өрттің үлкен аумаққа таралуына әкеліп соқты. Тілсіз жауды ауыздықтау екі тәулікке созылды. «Бурабай» МҰТП-да Көкше тауындағы тағы бір орман өртін авиатехниканың көмегімен жоюға тура келді. Ал ұлттық парк қызметкерлерінің су шашатын құрылғыларды пайдалануға рұқсаты жоқ, – дейді Нұрлан Атығаев.

Ол атап өткендей, «Көкшетау» ұлттық табиғи паркінің аумағында сумен жабдықтау мәселесін шешу қажет.

Мысалы, ұңғымаларды бұрғылау немесе жасанды су қоймаларын ұйымдастыру арқылы, «Бурабай» МҰТП-да мамандарды оқытуды жүргізу керек. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен орман мекемелері өртті өз бетінше жоюға тырыспайды. Мысалы, Қосшы қаласында биыл шөп пен қамыстың өртенуін жоюды мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүргізді. Ал қаланың өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері өртті ауыздықтауға шықпады. Зеренді ауданында да осыған ұқсас жағдай орын алды: Шағалалы ауылының бекеті қоқыстың өртенуін жоюға қатысқан жоқ, - деп атап өтті Нұрлан Атығаев.

Нұрлан Бауыржанұлы өрт кезінде хабарлау жүйесі, сөндіру құралдары, су қоры бар ыдыстар да жоқ көптеген саяжай кооперативтерін өрттен қорғау мәселесін жеке атап өтті. Бірақ саяжай массивтерінде қоқыс, қураған өсімдіктер жиі кездеседі, олар үлкен өрттің эпицентріне айналуы мүмкін.

Орман өртінің алдын алу үшін барлық жүйелік проблемаларды талдау және шешу қажет. Шешімдердің қатарында орман алқаптарын заманауи мониторинг жүйелерімен жарақтандыру, ормандарда су алу үшін орындар дайындау, саяжай алқаптарын жырту және ретке келтіру бар. Және, әрине, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуды қатаң қадағалау. «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша жаз ыстық болатынын ескерсек, қауіпті кезең әлі алда, - деп түсіндірді департамент басшысы.

Ол атап өткендей, жаз басталғалы табиғатта серуендейтіндер қатары көбейіп келеді. Алайда, көп адамдар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы үндеулерге мән бермейді.

Тұрғындар от, мангалмен бірге демалуға дағдыланған. Ал адамдар көп жиналатын демалыс орындарында қоқыс үйінділері пайда болады. Салдарынан өрт шығады. Ал бұл өрттің негізгі себебі – адамдардың немқұрайлылығы. Жыл басынан бері өңірде 16 орман өрті тіркелді, бұл 2022 жылдан екі есе көп, – деді департамент басшысы.

Орман және дала өрттерін жою үшін 152 бірлік техника, 3 өрт-сорғы станциялары 260 өрт сөндіргіштер, мотопомпалар мен крекерлер дайындалды.

Шалғайдағы елді мекендерде 41 өрт сөндіру бекеті өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Патрульдеу үшін 56 мобильді топ құрылып, 118 рейд жүргізілді. Өртке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 15-іне ескерту жасалса, 14-іне 439 875 теңге айыппұл салынды. Өңірдің елді мекендерінде 210 өртке қарсы ерікті құрылым дайындалды, – деп нақтылады Нұрлан Атығаев.

Оның айтуынша, 2023 жылы орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» жоспар бекітілді.

Қауіпті кезеңде «Ионосфера институты» ЖШС-мен космомониторинг қызметтеріне шарт жасалды. Сондай-ақ Зеренді, Бурабай және Ақкөл аудандарының аумағында орналасқан және облыстың 7 орман алқабын қамтитын «Қазавиаорманқорғау» РМҚК үш авиакомпаниясының авиапатрульдеуі жүргізілуде. Олар Зеренді, Біржан сал, Сандықтау, Ақкөл, Бурабай, Бұланды аудандары мен Степногорск қалаларын қамтиды, - деді департамент басшысы.

Өзгелердің жаңалығы