Қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды

13 Мамыр 2022, 16:15
1804
Бөлісу:
Қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарында 4 адам қайғылы жағдайға ұшыраған. Оның екеуі бала. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері суға түсу маусымына орай қауіпсіздік шараларын үдетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев хабарлады.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды

-Шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті сақтау үшін жедел-құтқару жасағаның күштері мен техникалары күн сайын дайындық жүргізуде. Сонымен қатар облыс тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз ету мақсатында полиция департаментімен бірлесіп рейдтік іс шаралар ұйымдастырылуда. Осы жылы жалпы саны - 510 рейд өткізілді. Айта кетейін, былтыр суға түсу маусымы кезінде 49 адам оқыс оқиғаға ұшырап, 16 азамат құтқарылған болатын, - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Өзгелердің жаңалығы