Қатыгездікпен өлтірген: Ұлытау облысында пәтерден анасы мен қызының мәйіті табылды

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 Архив 13 Тамыз 2025 2025, 02:34
13 Тамыз 2025 2025, 02:34
1047
Фото: Архив

Ұлытау облысында әйел мен оның кәмелетке толмаған қызы қаза тапты. Полицияның мәліметінше, 1966 жылы туған әйел өз пәтерінен жеті пышақ жарақатымен табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы арнасына сілтеме жасап.

Марқұмның қызы – Астанадағы халықаралық колледждің екінші курс студенті – зорлық-зомбылық іздерімен, мойнына сым оралған күйде табылды.

Полиция қылмыстық іс қозғап, жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде күдікті ұсталып, жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – деді Ұлытау облыстық ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Наверх