Қатты жел ер адам отырған әуе шарын ұшырып әкеткен

2 Қаңтар 2022, 13:49
1286
Бөлісу:
Қатты жел ер адам отырған әуе шарын ұшырып әкеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қаңтар күні сағат 16:43-те Алматы облысы ТЖД пультіне Талғар ауданы «Ақ бұлақ» тау-шаңғы кешенінде қатты жел соғып, сақтандыру арқандарының үзілуі салдарынан әуе шарында отырған адамды тау жаққа ұшырып әкеткені туралы хабарлама түскен.

Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Шақырту орнына Талғар қалалық 2-МӨСБ-нен (7 қызметкер, 2 бірлік техника) және республикалық жедел-құтқару жасағынан (7 қызметкер, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп) ҚР ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.

Жел ұшырып әкеткен шар ішінде әуе шарымен ұшу жөніндегі нұсқаушы отырған. Ол нұсқаулық талабына сай тиісті әрекет ете білуінің арқасында аман-есен төбеге қона алған. Талғар қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Солдатсай» шатқалынан нұсқаушыны тауып, оны қауіпсіз жерге жеткізді, - делінген хабарламада.

Қатты жел ер адам отырған әуе шарын ұшырып әкеткен

Айта кетсек, оқыс оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Алматы облысының ТЖД азаматтардан барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы