Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қатты ыстық, найзағай, бұршақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

4 Шілде 2025, 09:12
740
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

4 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде қатты ыстық, бұршақ, найзағай, дауыл және шаңды дауыл болады. Сондай-ақ өрт қаупі жоғары болатын аймақтар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

"Қазгидромет" РМК қатты ыстыққа қатысты ескерту жариялады.

Ақмола облысы

Облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болжанып отыр. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз 35°С аптап ыстық күтіледі.

Астана қаласында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болады. Жел 15–25 м/с. Күндіз 35°С.

Көкшетауда қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай болады.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 15–20 м/с.

Қостанай қаласында найзағай мен бұршақ болады.

Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Кей аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай, дауыл және тұман болады. Жел 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Петропавлда қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы

Батысында найзағай, облыс бойынша 35–37°С қатты ыстық. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

Батысы мен солтүстігінде найзағай, жел 23 м/с. Күндіз 35°С аптап ыстық.

Қарағанды қаласында күндіз 35°С.

Батыс, шығыс және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

Найзағай, жел 23 м/с-қа дейін, күндіз 35–39°С.
Жезқазғанда – 37–39°С қатты ыстық.
Бірнеше аймағында төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығысында найзағай, 35°С ыстық.
Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысында 35°С қатты ыстық.
Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Тұман, найзағай, бұршақ, дауыл болжанады.
Орал қаласында дауыл, бұршақ, найзағай күтіледі. Жел 18 м/с.

Ақтөбе облысы

Солтүстігінде найзағай, жел 20 м/с, күндіз 35°С.
Облыс орталығы мен оңтүстік-шығысында төтенше және жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе қаласында жел 20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысы

Батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

Шаңды дауыл, жел 20 м/с. Күндіз 40°С қатты ыстық.
Көптеген аймағында жоғары және төтенше өрт қаупі бар.
Ақтау қаласында – жоғары өрт қаупі.

Қызылорда облысы

Солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл, жел – 20 м/с. Күндіз 41–44°С.
Төтенше ыстық және өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысы

Солтүстік-шығысында жел – 20 м/с.
Таразда күндіз 42°С.
Төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысы
Алакөл маңында жел – 20 м/с.

Ескерту: Мұндай ауа райында далада ұзақ болудан аулақ болып, көлеңкеде және салқын жерде болуға кеңес беріледі. Жел мен дауыл кезінде ағаштардың, сымдардың маңында жүрмеңіз. Өрт қаупі жоғары аудандарда от жағуға, қоқыс өртеуге қатаң тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы