"Қатты өкінемін'': Рыбакина қазақстандықтардан кешірім сұрады

31 Шілде 2024, 14:27
1233
Бөлісу:
"Қатты өкінемін'': Рыбакина қазақстандықтардан кешірім сұрады
Фото: Видеодан скриншот

Қазақстандық теннисші Елана Рыбакина видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін спортшының Париж Олимпиадасына қатыспайтыны мәлім болып, көптің ашуын тудырған еді. Әлеуметтік желіде теннисшіге қатысты пікір екіге жарылды. Осыған орай Рыбакина жарысқа не үшін қатыса алмағанын түсіндірді.

Жарыс басталар алдында ауырып қалдым. Қызуым көтеріліп, тыныс алуым қиындады. Дәрігерлер кортқа шығуға тыйым салды, - деді Елена Рыбакина.

Ол бүкіл қазақстандық жанкүйерлерге үміт берген үшін кешірім сұрады.

Мен қатты өкіндім. Өйткені командаммен жеткілікті деңгейде көп жұмыс істедім және медаль алғым келді. Соңғы рет Токио Олимпиадасында жеңіске өте жақын болдым. Олимпиада чемпионы болу менің үлкен мақсатым еді, - деді ол.

Теннисші жақын арада кортқа оралатынын айтты.

Мен бүкіл жерлестеріме алғыс айтамын. Себебі әлемнің әр түкпірінде ойнаған сайын әрқашан үлкен қолдауға ие боламын. Сонымен қатар стадиондарда туымызды көргенде қатты қуанамын, - деп түйіндеді Рыбакина.

Өзгелердің жаңалығы