Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қатты аяз, қарлы боран: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 23:29
109
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

«Қазгидромет» РМК ертең, 18 қаңтарда Қазақстанның 14 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірқатар облыстарда қатты аяз, қарлы боран, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды және Жетісу облыстарында түнгі ауа температурасы -35…-41°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Алматы, Жетісу және Талдықорған өңірлерінде де -25°С-тен төмен қатты аяз болжанып отыр.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қар, боран, көктайғақ пен тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауып, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Ірі қалаларда да қолайсыз ауа райы күтіледі: Шымкент, Түркістан, Тараз, Ақтау, Атырау және Қызылордада тұман мен көктайғақ, желдің күшеюі болжанған.

Мамандар тұрғындарды алыс жолға шықпауға, жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райы болжамын қадағалап отыруға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы