Қатерлі ісікті тудыратын үш әдет анықталды

18 Желтоқсан 2021, 16:53
1673
Бөлісу:
Қатерлі ісікті тудыратын үш әдет анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайлық ғалымдар қатерлі ісікке шалдықтыратын үш әдетті атады. Олардың айтуынша, ұйқының қанбауы, дұрыс тамақтанбау мен күйзеліс ауруға шалдықтырады деп жазады РИА-Новости.

Ғалымдар ұйқының қанбауы жүйке жүйесінің жұмысын бұзатынын алға тартты. Соның салдарынан адам ашуға бой алғыш келеді. Ал ашушаңдық – онкологияға ұшырататыны белгілі. Одан басқа, дұрыс тамақтанбау да асқорыту мен сұйықтық шығару проблемасын тудырады. Ертерек дайындалған тағам да көптеген канцерогендерден тұрады.

Қатерлі ісікке алып келетін әдеттердің бірі – күйзеліске түсіп кету.

Осы үш әдеттен аулақ болған жандар үшін індеттен сақтануға мүмкіндік бар деп отыр дәрігерлер.

Өзгелердің жаңалығы