Қатерлі ісіктен сақтану жолдары қандай?

9 Шілде 2022, 18:14
3412
Бөлісу:
Қатерлі ісіктен сақтану жолдары қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар обыр ауруының алдын алудың қарапайым әдістерін атады. Frontiers in Aging журналында жарияланған деректерге сүйенсек, спорт, дәрумендер мен омега-3 қатерлі дертке шалдықпауға көмектеседі.

Швейцария, АҚШ, Франция мен Германия ғалымдары бірлесіп Д дәрумені, омега-3-қанықпаған май қышқылдары мен дене жаттығулары 70 жастан асқан адамдарда онкологияның кез келген түріне шалдықпауға көмектеседі деп отыр. Олардың айтуынша, үш жыл бойы жүргізілген зерттеу жұмысынан екі мыңнан астам адам қатысып, нәтиже шығарған. 

Атап айтқанда, Д дәрумені обыр жасушаларының өсуін басады. Одан басқа, жасушаға бөліну арқылы тіндердің өсуіне жауап беретін бірнеше ген жұмысын реттейді. Д дәруменінің жоғары деңгейі мен обырдың кез келген түрі дамуының төмен деңгейі арасында байланыс бар. 

Омега-3 қанықпаған май қышқылдары обыр жасушаларын өлтіреді. Яғни қабыну процесін, жасушаның пролиферациясы мен ангиогенезді – жаңа қан тамырларының түзілуін баса отырып, қатерлі ісіктің дамуының алдын алады. 

Дене жаттығулары ұзақ жылдар бойы денсаулықты сақтауға және жүрек-қантамыр ауруларының пайда болу қаупін төмендетуге көмектеседі. Обырға келер болсақ, жаттығулар қабынуды басып, иммунитеттің жұмысын жақсарту арқылы онкологиялық аурулардың даму қатерін азайтатыны дәлелденген. 

Өзгелердің жаңалығы