Қатармен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды

27 Қараша 2023, 08:06
390
Бөлісу:
Қатармен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатардың Ішкі істер жөніндегі мемлекеттік министрі шейх Әбделәзиз бен Фейсал Әл Тәнимен кездесу өткізіп, екі елдің ішкі істер министрліктері арасында ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Бұл туралы BAQ,KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Елші А. Исағалиев сұхбат барысында екі ел арасында туристер санынының артуы және тікелей рейстердің бағыттары мен жиіліктерінің ұлғаюына байланысты ішкі істер министрліктері арасындағы үйлесімді жұмыс етудің маңыздылығын атап өтті.

Қатар Ішкі істер жөніндегі мемлекеттік министрі халықаралық тұрғыда Доха қаласына әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың бірі ретінде баға берілгенін хабарлап, басқарып отырған министрлігі қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беретінін жеткізді.

Осы ретте, шейх Әбделәзиз Әл Тәни қазақстандық әріптестерімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон және қылмысқа қарсы күрес салаларында өзара тәжірибемен алмасуға дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің бірлескен жұмысты жандандыруға деген өзара ұмтылысын атап өтіп, шарт-құқықтық базаны одан әрі кеңейту бойынша өзара ықпалдастықты жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы