Қатар Әмірі Тоқаевқа құрмет көрсеткені үшін ризашылығын білдірді

7 Маусым 2023, 19:53
560
Бөлісу:
Қатар Әмірі  Тоқаевқа құрмет көрсеткені үшін ризашылығын білдірді
PHOTO
Фото: Ақорда

Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни құрмет көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

Қатар Әмірі  Тоқаевқа құрмет көрсеткені үшін ризашылығын білдірді

 Астана халықаралық форумына шақыруыңызды қабыл алып, Қазақстанға келіп отырмын. Бұл – мен үшін зор құрмет. Былтыр қазан айында Қазақстанда кездескеннен кейін тағы да жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Бұл – былтырғы келіссөздер барысында бауырлас Қазақстанмен арадағы қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын пысықтауға тағы бір мүмкіндік. Менімен бірге Қатардың іскер топтарынан құралған үлкен делегация келді. Бұл екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың табысты болуына жол ашады деп ойлаймын. Түрлі саладағы екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Біз басқа да бағыттардағы ынтымақтастықтың ауқымын кеңейтуге ниеттіміз, – деді шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни. 

Кездесу барысында тараптар еліміздің Қатар инвесторларымен мұнай-газ, тау-кен және металлургия, ауыл шаруашылығы, медицина, қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.

Өзгелердің жаңалығы