Қатар Әмірі Қазақстанға ұсыныс айтты

12 Қазан 2022, 11:34
2132
Бөлісу:
Қатар Әмірі Қазақстанға ұсыныс айтты

Қазақстан мен Катардың үкіметаралық комиссиясының жұмысын түрлі салада жандандыру керек. Ақордада  ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шағын құрамдағы кездесу барысында бірнеше мәселені талқыладық. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты түрлі салада әр қарай дамыта түсу қажеттінін атап өттік. Сонымен қатар бұған дейінгі келіссөздер барысында қол жеткізілген меморандумдарды қайда жандандыру жайына тоқталдық. Оның ішінде инвестицияларды өзара қолдау мәселесі де бар. Алдағы уақытта Қазақстан-катар үкіметаралық комиссиясының жұмысын түрлі салада жандандыруымыз керектігін айттық,  - деп мәлімдеді шейх Тәмим.

Қатар Әмірі 2020 жылғы пандемияға байланысты үкіметаралық комиссия жұмыс тоқтап қалғанына тоқталды.

Жақын арада осы комиссия жұмысын қайта жалғастырады деп үміттенемін. Сонымен қатар біз аймақтық және халықаралық деңгейдегі мәселелерді қозғадық. Ертең Қазақстан елордадасында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 6- VI саммиті өтеді. Осы саммитте біз саясат, қауіпсіздік және Азия аймағына қатысты өзге де өзекті мәселелерді талқылаймыз, - деді Мәртебелі мейман. 

Өзгелердің жаңалығы