Қатар-2022: Ширек финалда кімдер ойнайды?

7 Желтоқсан 2022, 10:38
4988
Бөлісу:
Қатар-2022: Ширек финалда кімдер ойнайды?

Әлем біріншілігінде Марокко құрамасы Испанияны жеңіп, сенсация жасады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.


Екі құрама да матчтың негізгі уақытында (0:0) гол соға алмады.

Пенальти сериясында испандықтар Марокка қақпашысы Яссин Бунудан айласын асыра алмады. Қорытынды есеп 3:0 мароккалықтардың пайдасына шешілді. 

Ширек финалға тағы бір үміткер Португалия құрамасы Швейцария құрамасын тас-талқан жеңді. 

Португалия – Швейцария – 6:1 (2:0) 

Гол соққандар: Рамос 17 (1:0), Пепе 33 (2:0), Рамос 51 (3:0), Геррейро 55 (4:0), Аканджи 58 (4:1), Рамос 67 (5:1), Леау 90+2 (6:1) 

Ескерту алғандар: Шер 43, Джемерт 59

8 команда жартылай финал жолдамаларын сарапқа салады.

Ширек финалдың кестесі:

9 желтоқсан.

 Хорватия - Бразилия

Нидерланд - Аргентина

10 желтоқсан

Марокко - Португалия

Англия - Франция

Өзгелердің жаңалығы