Қатар-2022. Мбаппе Англияға қарсы ойнайды

8 Желтоқсан 2022, 19:11
941
Бөлісу:
Қатар-2022. Мбаппе Англияға қарсы ойнайды

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе жаттығуға оралды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Дереккөзге сүйенсек, шабуылшы британдықтарға қарсы ойынға қатысады.

Бұған дейін Мбаппенің Дохада өткен ұлттық құраманың жалпы жаттығуына қатыспағаны хабарланған болатын.

Айта кеткен жөн, Мбаппе әлем чемпионатында төрт ойында бес гол соққан болатын. Франция құрамасы турнирдің 1/4 финалында Англиямен кездеседі. Матч 11 желтоқсанға қараған түні өтеді.

Өзгелердің жаңалығы