Қатар-2022: Бразилия бапкері қызметінен кетті

10 Желтоқсан 2022, 11:22
6107
Бөлісу:
Қатар-2022: Бразилия бапкері қызметінен кетті

Жартылай финал үшін болған ойындағы жеңілістен кейін Бразилия құрамасының бас бапкері Тите орнын босатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

TNT Sports мәліметінше, бапкер өз командасы ширек финалда Хорватиядан жеңіліп қалғаннан кейін қызметінен кететінін айтты.

Тите Бразилия тізгінін 2016 жылдан бері ұстады. Оның басшылығымен пентакампеондар әлем чемпионатының екі рет ширек финалына дейін жетті.

Осыдан төрт жыл бұрын Тите шәкірттері ¼ финалда Бельгиядан ұтылып қалса, бұл жолы хорватиялықтарға пенальти сериясында жол берді.

Бразилия 2002 жылы финалда Германияны жеңгеннен кейін еуропалық командалармен кездесулерде жолы болмай жүр. Олар плей-офф бәсекесінде соңғы алты матчта еуропалықтарға есе жіберді.

Еске сала кетейік,Хорватия Бразилияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Өзгелердің жаңалығы