Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 5 шілдеден бастап қатаңдатылған карантин режимі енгізілді. Бірқатар мекеменің жұмысына тыйым салынып, тағы біраз саланың уақыты шектелді. Қызметін жалғастыратын ұйымдар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды барынша сақтауы тиіс. Шектеу шаралары күшейген қаланың бейнесін суреттейтін фотоларды ұсынамыз.
Саябақтар мен скверлерде серуендеуге рұқсат бар.
Кейбір дүкеннің жұмыс істеу уақыты қысқарды. Олар барлық санитарлық талапты қатаң сақтауы тиіс.
Далада серуендеп жүрген тұрғындардың қарасы аз.
Спортпен шұғылдануға да рұқсат бар. Елорда тұрғындарының велосипед теуіп жүргенін көруге болады.
Қоғамдық көліктердің жұмысы да тоқтады.
Дәріханалар жұмысын жалғастырып жатыр.
Көшеде көлік саны да аз.
Мешіттер бүгіннен бастап жабылды.
Жазғы дәмхалар да жұмысын әрі қарай жалғастырып жатыр.
Көңілге демеу беретіні - елорданың туған күніне орай әрленген қаланың бейнесі.