Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы тіркелді-ОСК

12 Қазан 2022, 16:10
1787
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы тіркелді-ОСК

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының 11-отырысының күн тәртібінде 2022 жылдың 20 қарашасында кезектен тыс өтетін сайлауда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының құжаттары қаралып, сәйкестігі анықталды.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңының 59 бабының 5-тармағына сәйкес барлық құжаттар толық қабылданды. Сондай-ақ, кандидатты тіркеу үшін барлық рәсімдер сақталды,-деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы аясында Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың куәлігі кандидаттың сенімді өкілі Ерлан Жақанұлы Қошановқа табысталды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 7 қазанында Орталық сайлау комиссиясына бірнеше қоғамдық бірлестіктер Президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатын ұсынған болатын. 

Кандидатты қолдау мақсатында Қазақстанның барлық өңірінен 399 мың 809 азамат қол жиналған. Бүгінгі күні олардың 141 мың 45-і тексеріліп, 140 167-і рас деп танылды.

Өзгелердің жаңалығы