Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына ұшып келді

3 Ақпан 2022, 19:06
1306
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына ұшып келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен келді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.

5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ, - делінген жазбада.

Өзгелердің жаңалығы