Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде ант берді

26 Қараша 2022, 11:02
971
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде ант берді

Астанада жаңа сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Конституциясының 42-бабына сәйкес сайланған ҚР Президенті өзінің қызметіне Қазақстан халқына ант берген күннен бастап кірісетінін хабарлаймын, - деп атап өтті Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн, - деп ант берді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясына қолын қойып тұрып.

Еске сала кетейік, елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы