Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында Қатар Әмірімен әңгімелесті

21 Қыркүйек 2022, 00:36
789
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында Қатар Әмірімен әңгімелесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында Қатар Әмірі Тамим бин Хамад Әл Танимен әңгімелесті. BAQ.KZ бұл туралы БОРТ №1 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, бүгін ел Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының аясында бірқатар екіжақты келіссөз өткізді. Атап айтқанда, Австрия Президенті Александр Ван дер Белленмен, Иордания Королі ІІ Абдалламен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Питер Маурермен, Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы