Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қаскелеңде 21 жастағы қыз мерт болды: күдікті – оның жігіті

Нұрқанат Атажан
16 Қазан 2025, 17:55
1161
Бөлісу:
 orenburg.media
Фото: orenburg.media

Желіде Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында жас қыздың өлтірілгені туралы ақпарат тарады. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Полиция қызметкерлері 20 жастағы жігітті жедел түрде ұстады. Ол қызды өлтіруге қатысы бар деген күдікке ілінді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күдікті ізін суытпай ұсталған. Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Тергеу әрекеттері жалғасуда. Полицейлер қылмыстың мән-жайын, себептерін және барлық нұсқаларын тексеріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы