Қашықтан оқыту. Үшінші тоқсанда қандай платформалар қолданылады?

17 Қаңтар 2022, 13:12
1864
Бөлісу:
Қашықтан оқыту. Үшінші тоқсанда қандай платформалар қолданылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Білім беру ұйымдарында оқуды бастау туралы» тақырыбындағы брифинг кезінде қашықтан оқыту қалай жүргізілетіні айтылды.

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримованың сөзінше, әр мектеп өзі таңдаған платформада оқытуды ұйымдастыра алады.

Штаттық форматқа бірінші рет көшіп отырған жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, түрлі ақпараттық құралдар, платформалар бар. Осы платформаларға сәйкес мектептер жұмыстарын жалғастырады, - деп айтты комитет төрайымы.

Ол атап өткендей, қазіргі таңда бізде 800 мыңнан астам компьютер бар. Олар балаларға таратылды. Оның сөзінше, желідегі жұмыс әр түрлі форматта жүргізіледі. Олар - синхронды және асинхронды форматтар.

БҒМ тарапынан ұйымдастырылған түрде әдістемелік ақпарат әр аймаққа жіберілді. Бүгінгі таңда таныстыру жұмыстары жүргізілді, - деп толықтырды БҒМ өкілі брифингте.

Өзгелердің жаңалығы