Қаржылық мониторинг агенттігіне жаңа төраға келді

13 Ақпан 2024, 12:20
446
Бөлісу:
Қаржылық мониторинг агенттігіне жаңа төраға келді
Фото: Gov.kz

Дмитрий Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің жаңа төрағасы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Дмитрий Малахов 1974 жылы 27 тамызда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991-1995 жылдары - ҚР ІІМ-нің Алматы жоғары мектебін, 2003-2005 жылдары - Т.Рыскұлов атындағы экономика және қаржы университетін тәмамдаған.

Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде және Экономикалық тергеп-тексеру қызметіндегі жұмыс істеді.

07.2004-03.2019 жылы - Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік және орталық аппаратының департаменттерінде басшы орынбасары;

03.2019-09.2020 жылы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің Жедел департаментінің басшысы;

 09.2020-03.2022 жылы - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары;

03.2022-10.2023 жылы - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары;

2023 жылғы 11 қазаннан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары болды.

Өзгелердің жаңалығы