Қаржы жеткіліксіз. Шөкеев тыңайтқыштардың қымбатшылық мәселесін шешуді сұрады

10 Наурыз 2022, 09:53
1559
Бөлісу:
Қаржы жеткіліксіз. Шөкеев тыңайтқыштардың қымбатшылық мәселесін шешуді сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында айтты. 

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 49,9 мың тонна жанармай бөлінді. Тауар өндірушілер жаздық дақылдар тұқымымен толық қамтамасыз етілген. Өткен жылы бюджетті қалыптастыру барысында биылға 112,5 мың тонна тыңайтқыштарды субсидиялауға 4,5 млрд теңге қаржы қарастырылған. Алайда қазір тыңайтқыштардың бағасы 2,5 есеге көтерілді, - деді ол. 

Облыс әкімі сол себепті аталған қаржы жеткіліксіз екенін айтты. 

Министрлікпен кеше сөйлестім. Жалпы қоймаларда тыңайтқыштар бар. Бірақ қымбатшылық болып тұр. Сол мәселені талқылап, шешімін тапса дұрыс болар еді, - деді әкім. 

Өзгелердің жаңалығы