Қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі атыраулық 6 жылға сотталды

Атыраудың екі тұрғыны қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив 20 Желтоқсан 2023 2023, 21:40
20 Желтоқсан 2023 2023, 21:40
1125
Фото: - архив

Атыраудың екі тұрғыны қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырауда «QazHome» тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері әшкереледі. Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен қаржы пирамидасына ақша салу ұсынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кооперативтің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылған, оның ішінде тек 35 адам ғана өтініш беріп, бұл өтініштер бойынша келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгеден асатыны анықталды.

Сот үкімімен «QazHome» тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Наверх