Қаржы пирамидасы: Алматыда алаяқтардың сайты бұғатталды

16 Қараша 2023, 01:47
446
Бөлісу:
Қаржы пирамидасы: Алматыда алаяқтардың сайты бұғатталды
Фото: архив

Алматының өкілетті қызметтерімен адамды алаяқтық жолмен арбайтын 376 интернет сілтемесі бұғатталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.

Мемлекеттік органның мәліметінше, жыл басынан бері 9 қаржы пирамидасының (WBIC, Robotex, Hit Beat Music, Qnet, Chia Thai, Bincloud, S-Group, Marqar, Patin Coin) жолы кесілді – 3000 адам олардың құрбаны болған.

Сондай-ақ жыл басынан бері интернет-ресурстарды тексеретін «Байқа пирамида» Telegram-боты іске қосылды.

Енді біздің азаматтар сайт пен әлеуметтік желілердің қаржы пирамида белгілерін өз бетінше тексере алады. Бұл «алаяқтық» жүйесіне алдануына жол бермейді. Әзірленген өнім халық арасында үлкен сұранысқа ие. Қысқа уақыттың ішінде азаматтардан 6 мыңнан астам өтінім тіркелді. Оларға бот автоматты түрде жауап берді, - деді Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Жақсылық Мырзахан.

Келесі қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар жауапқа тартылды және ұзақ мерзімге сотталды: «Innova Gold», «IG Group KZ», «Qozgan, Tender», «Rich Beach», «Альфа Сейлс Консалтинг», «ESS Group» және «Qnet». «Energy Eolus Qazaqstan» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Алаяқтық ұйымдастырушылар азаматтарға жаңартылатын қуат көзін және энергияны сақтау объектілерін жоспарлауды, пайдалану жобаларына ақшалай қаржы салуды ұсынды. Бұл тәулігіне 2,7% - 3,4% дейін, яғни айына 80% астам көрсеткіш. Жылына 950% астам табыс түседі деп уәде берген. Салым сомасы 30 доллардан 2700 долларға дейінгі аралықта жиналған. Жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында 11 қалада, атап айтқанда Ақтөбе, Астана, Көкшетау, Өскемен, Атырау, Орал, Қызылорда, Павлодар, Шымкент, Кентау, Семей қалаларында кеңселер орнатылды, сондай-ақ ұйымдастырушылардың шетелде екендігі анықталды, - деді Жақсылық Мырзахан.

Өзгелердің жаңалығы