Қаржы пирамидаларына қатысты 22 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Бүгiн, 04:28
132
Бөлісу:
Қаржы пирамидаларына қатысты 22 қылмыстық іс тергеліп жатыр
Фото: baq.kz

Елімізде қаржы пирамидаларына қатысты 22 қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудан қорғау мақсатында қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 22 тергеу басталды. Құқыққа қарсы мазмұндағы 14 мың сілтеме алдын ала бұғатталып, 100-ден астам құқыққа қарсы чаттар мен аккаунттар жойылды, – деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, 19,2 миллиард теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Жалпы қылмыстық істер бойынша өтем 3,5 есе (48,3-тен 164,4 млрд теңгеге дейін), оның ішінде ақша жеті есе (11-ден 79 млрд теңгеге дейін) ұлғайды, бұл жұмыс тиімділігінің артқанын көрсетеді, – деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы