Қаржы министрлігі: Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы рәсімделеді

13 Қаңтар 2023, 12:17
1552
Бөлісу:
Қаржы министрлігі: Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы рәсімделеді

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» жаңа заңды түсіндіруге арналған семинарда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, азаматтар соттан тыс банкроттыққа өтінішті өздері бере алады. 

Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру  өлшемшарттарына сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру  жүргізілетін болады. 5,5 млн теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады, - деп түсіндірді ведомство өкілі. 

Сонымен қатар вице-министр сот банкроттығының мақсатына тоқталды. 

Сот банкроттығы мақсаты – банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру.  Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы. Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды. Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады, - деді Ержан Біржанов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы вице-министрі ел азаматтары наурыздан бастап банкроттыққа арыз бере алатыны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы