Қаржы министрлігі "QR-мен төлем қабылдайық, бірақ бағаны көтереміз" деген кәсіпкерлерге жауап берді

9 Қаңтар 2024, 16:17
1013
Бөлісу:
Қаржы министрлігі  "QR-мен төлем қабылдайық, бірақ бағаны көтереміз" деген кәсіпкерлерге жауап берді
Фото: Арман Мухатов - архив

Қаржы министрлігі қымбатшылықтан қорықпай ма? Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі "Кәсіпкерлер QR-мен төлем қабылдасақ, бағаны көтеріп жібереміз деп отыр. Үкімет инфляциямен күресіп жатқанда осындай жағдайда қайтадан қымбатшылықпен бетпе-бет келмей ме?" деп сұрақ қойды.

Мәселе бағаның қымбаттауында емес, табыс мөлшері болып отыр. Мәселен, аударым алып отырған екінші азамат мемлекетке деген қаражатты өзінің қалтасына салады. Неге оның бағасы көтерілмейді? Себебі бәсекелестік бар. Өздеріңіз білетіндей, әр азамттың үйінде бір немесе екі сауда орны бар. Тұтынушы ретінде мен қай жерде QR бар сол жерден сатып алуға тырысамын. Ал қымбатшылық туындамайды. Жеке кәсіпкерлерге мұның жеңіл түрін ұсындық. Екі жылдың ішінде 300 мыңға жуық адам сол қосымша арқылы тіркеліп, салық төлеп жатыр. Егер біз осыны жасамасақ, 300 мың адам қазір көлеңкелі экономикада қалатын еді, – деді вице-министр Ержан Біржанов.

Сонымен қатар кәсіпкер болып тіркелмеген адамдардың мобильді аударымдары 100-ден асса тексерілетіні туралы жазған болатынбыз. Ал кәсібін тіркемегендер жауапқа тартылатынын да айта кеткен жөн. Сондай-ақ Алматы саудагерлері ақша аударғандардан қосымша пайыз сұрап отырғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы