Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қаржы министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі: 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын,
2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің жанындағы Бизнес мектебін бітірген.
1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушы-тәлімгері, оқытушысы
1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жетекші сараптамашысы, бас сараптамашысы, басқарма бастығы, Зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары.
2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің үйлестіру департаментінің директоры.
2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқарушы директоры.
2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2015-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
2018 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі болып тағайындалды.
2020 жылдың мамыр айынан ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды