Қаржы министрі: Есеп комитеті жоғары аудиторлық палата етіп қайта құрылады

18 Наурыз 2022, 09:27
1089
Бөлісу:
Қаржы министрі: Есеп комитеті жоғары аудиторлық палата етіп қайта құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Ол Қаржы министрлігі Президенттің тапсырмалары дереу орындалуын қамтамасыз ету үшін қандай іс-шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Есеп комитеті Үкіметтен тәуелсіз жоғары мемлекеттік аудит органы ретінде бюджет қаражатының сыртқы аудитін қамтамасыз етеді. Бұл ретте, оның функциялары үнемі күшейе түсуде. Мәселен, 2016 жылдан бастап Есеп комитеті республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалауды жүзеге асырып келеді, -деді министр.

Оның айтуынша, мұндай алдын алу шараларын қабылдау арқылы бюджеттің тиімсіз шығындарын одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата етіп қайта құрылатын болады.
Бұл ретте парламенттік бақылау күшейтіледі. Мұндай тәжірибе жекелеген батыс елдерінде бар. Осының барлығы Конституцияны қоса алғанда, бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді талап етеді. Барлық тиісті түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталатын болады, -деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев. 

Өзгелердің жаңалығы