Қаржы мәселесі: Аймағамбетов Түркістан облысын сынға алды

20 Қыркүйек 2022, 12:24
1429
Бөлісу:
Қаржы мәселесі: Аймағамбетов Түркістан облысын сынға алды

Бұл туралы ол Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Түркістан облысында жергілікті бюджеттен колледждерге биыл тек қана 4755 орын бөлініпті. Былтыр сын-пікірімізді білдірген болатынбыз, бірақ 2021 жылмен салыстырғанда орын саны 3645 орынға азайыпты. Бұның алдында да грант саны жеткіліксіз болған, - деді министр. 

Ол Түркістан облысында НИД санатына жататын жастардың саны өте көп екенін және ол жастардың көбінде білімі де, жұмысы да жоқ екенін атап өтті. 

Түркістан облысының білім басқармасы, сондықтан біз республикалық бюджетке бөлген қаражаттан сіздерге 10 мың грант бөлуге мәжбүр болып отырмыз. Өйткені жергілікті тұрғындар мен балалар ештеңеге кінәлі емес қой, - деді Аймағамбетов.

Оқу-ағарту министрі оған берілген ақпарат бойынша бұрын Түркістанда жергілікті бюджеттің ақшасынан 16 мыңға дейін грант бөлінгенін атап өтті. Сондай-ақ Аймағамбетовтың айтуынша, республикалық бюждеттен қаражат бөлер алдында жергілікті бюджеттің қолымен колледждерге 13 мың орын бөлінеді деген ақпарат та келген. 

Бұл қай жақтан қарасақ та, қисынсыз. Мемлекеттік тапсырысты қарасаңыздар, жергілікті әкімдіктердің қайсысы грант санын аз береді, біз соларға көмектесеміз. Кім көп беріп отыр, біз соларға көмектесуіміз керек. Біз осылай көмектесе берсек, жергілікті әкімдіктер орынды одан сайын аз беретін болады, - деді Аймағамбетов.

Министр бұл көзқарасты қайта қарау керегін, ендігіде студенттерді қабылдау үшін жергілікті әкімдіктерден аз ақша бөлетіндерді министрліктің қолдамайтынын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы