Қарулы күштердің Тыл бастығы ауысты

14 Тамыз 2023, 10:47
570
Бөлісу:
Қарулы күштердің Тыл бастығы ауысты
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарулы күштердің Тыл бастығы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша полковник Арман Мансұров ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Арман Нұрланұлы – Петропавл жоғары әскери училищесінің түлегі. 2010 жылы Санкт-Петербургтегі армия генералы Хрулев атындағы Тыл және көлік әскери академиясын және 2018 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді.

Батальонның әскери-шаруашылық жабдықтарының бастығы, полк қызметінің бастығы, құраманың бастығы, полк және бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары, "Шығыс" және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтары қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

Арман Мансұров Қарулы күштердің Тыл бастығы лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары болған.

Өзгелердің жаңалығы