Қарулы күштердің қатарын жазға дейін 17 мыңнан астам сарбазбен толығады – Жүсіпов

25 Ақпан 2022, 11:13
1321
Бөлісу:
Қарулы күштердің қатарын жазға дейін 17 мыңнан астам сарбазбен толығады – Жүсіпов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Осы жылғы 1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдардың әскери шақыру пункттерінде әкімдердің орынбасарлары мен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмысын бастайды. 1 шілдеге дейін ҚҚ-ның ҰКҚ шекара қызметі, Ұлттық ұлан қатарын 17 мыңнан астам әскерге шақырушы толықтырады, - деді Жүсіпов.

Ол атап өткендей, заңға сәйкес әскери шақыртудан босатылмайтын 18-27 жас аралығындағы азаматтар әскерге шақырылады. 

2021 жылғы көктемгі әскери шақыртудан бастап әскерге шақыру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып есептеледі. Ол «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы жүзеге асырылады. Оған жергілікті атқарушы органдар жауапты. Жас буынды ПТР-сынаманы екі рет тапсырады. Біріншісі – әскерге шақыру кезіндегі жиын пункті, екіншісі әскери бөлімге келген кезде тапсырылады, - деді ол.

Ол атағандай, әскерге шақырылатындарға СМС-хабарлама және үй мекенжайына жеке шақыру қағазы жолданады. 

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мемлекеттік қызмет саналатынын атап өтті. Сондықтан бұл қызметтер азаматтарға электронды үкімет порталы арқылы көрсетіледі.Аталған қызметтерді көрсетуге жергілікті атқарушы органдар жауапты, - деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы