Қарулы күштерде ЖЖМ қызметіне қатысты нұсқаулық бекітіледі

Бүгiн, 07:16
123
Бөлісу:
Қарулы күштерде ЖЖМ қызметіне қатысты нұсқаулық бекітіледі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштер Тылы бастығының басқармасы қорғаныс ведомствосы басшысының «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметтердің (жанар және жағармай материалдары қызметінің) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Нормативтік құқықтық акт ЖЖМ қызметінің жұмысын ұйымдастыру бөлігіндегі құқықтық олқылықтарды жою мақсатында әзірленді.

Нұсқаулық жанар және жағармай материалдарымен, арнайы сұйықтықтармен, техникалық құралдармен жабдықтау және олардың сапасын қамтамасыз ету мәселелерін егжей-тегжейлі баяндайды.

Сондай-ақ, құжатта улы техникалық сұйықтықтармен жұмыс істеу, қауіпсіздік шараларын сақтау және өрттен қорғау тәртібі анықталған.

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15302943

Өзгелердің жаңалығы