Қарулы күштер өкілдері соғыс ардагерін құттықтады

22 Қазан 2023, 21:19
775
Бөлісу:
Қарулы күштер өкілдері соғыс ардагерін құттықтады
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс және Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев пен полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев екінші дүниежүзілік соғысының ардагері 96 жастағы Әбжаппар Дайрабайұлын келе жатқан айтулы мереке – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ аталған ведомствоға сілтеме жасап.

Әбжаппар Дайрабайұлы 1927 жылы 1 қаңтарда Түркістан ауданы Тартоғай ауылында дүниеге келген. 1932 жылдан бастап Түркістан қаласының балалар үйінде тәрбиеленіп, содан кейін үлкен ағасы Бимаш Дайрабайұлының қамқорлығында болған. Бес жасында аштықтан аман қалған ол екінші дүниежүзілік соғысы басталған шақта небәрі 14 жаста еді.

Ә.Дайрабайұлы 16 жасынан бастап Беларусь және Украина майдандарында соғысып, Польшаны азат етуге қатысып, «Отан соғысы» орденімен және медальдармен марапатталған.

Елге оралған соң мұғалім болып жұмыс істеген. Соғыс ардагерлері қалалық кеңесінің төрағасы болды. Ақсақал екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген.

Өзгелердің жаңалығы