Қаруды заңсыз сақтағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады - ІІМ

24 Қаңтар 2022, 11:20
1199
Бөлісу:
Қаруды заңсыз сақтағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады - ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифинг барысында айтты. 

Қаңтар айындағы оқиғалар барысында қылмыскерлер қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлады. Олар заңсыз мақсаттарға пайдаланылып, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өту қажет, - деді ол.  

Естеріңізге сала кетейін, заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың әрекеттерінде өзге қылмыстар болмаса, жауапкершіліктен босатылады.

Осыған байланысты ІІМ азаматтарды заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруға шақырады. Жазатайым оқиғалар мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдарға және оқ-дәрілерге тиіспеуге және оларды тасымалдауға тырыспауға, бұл туралы полицияға 102 немесе 112 телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз, - деді Нұрділдә Ораз. 

Өзгелердің жаңалығы