Қару-жарақты бақылау саласының халықаралық сарапшылары Өскеменде болды

10 Қараша 2022, 19:48
707
Бөлісу:
Қару-жарақты бақылау саласының халықаралық сарапшылары Өскеменде болды

2011 жылғы Вена құжатының ережелерін сақтауды бағалау бойынша құрамында Бельгиядан келген әскери сарапшылар мен даниялық инспекторлар бар көпұлтты топ Өскемен қаласында орналасқан механикаландырылған бригадада болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық құжат сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайтуға бағытталған. Құжаттың ережелеріне сәйкес Қазақстан алмасу шеңберінде жыл сайын қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі жүйелерінің саны туралы ақпарат береді. 

Көпұлтты топтың жетекшісі подполковник Дирк Аденаур инспекция жүргізуге көрсеткен көмегі үшін  Қорғаныс министрлігіне алғысын айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанның қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерінің орындалуына оң баға берді.

Өзгелердің жаңалығы