Қару ұрлаған соттылығы бар 92 азамат бас бостандығынан айырылды – Бас прокуратура

1 Тамыз 2022, 14:48
1489
Бөлісу:
Қару ұрлаған соттылығы бар 92 азамат бас бостандығынан айырылды – Бас прокуратура

Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды  BAQ.KZ тілшісі. 

Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 92 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алды.Қалған қылмыстық істер бойынша тергеу органы даусыз дәлелдерді жинау және барлық қатысы бар адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр, - деді Сәбитов. 

Оның айтуынша, жұмыстың негізгі көлемі жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша жүргізіліп жатыр.

Мыңнан астам адам істер бойынша күдікті ретінде танылды. Әрқайсысымен жауап алу, бетттестіру, айғақтарды орнында тексеру және нақтылау сияқты және басқада кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. Сараптамалық ұйымдардың өндірісінде 4 мыңнан астам зерттеулер бар, - деді ол.

Сәбитовтың айтуынша, міндетті тергеу әрекеттері қылмыстарға әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады.

Қылмыстық қудалау органдары толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін барлық күштер мен құралдарды жұмылдырып жатыр, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы