Қару, есірткі, діни кітаптар. Шекараны заңсыз кеспек болғандардан не тәркіленді

3 Мамыр 2024, 09:52
1138
Бөлісу:
Қару, есірткі, діни кітаптар. Шекараны заңсыз кеспек болғандардан не тәркіленді
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Шекарада ел заңнамаларын бұзған 3 186 адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы сәуірде құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

шекара кеңістігінде 3 186 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталды, оның ішінде:

38 шетел азаматтары шекараны бұзғаны үшін;
29 шетел азаматтары шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

49 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 780 кг-дан жоғары;
36 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана ату, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер);
38 факті – діни әдебиет (842 дана);
341 факті – жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (133 тоннадан астам);
744 факті – жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
134 факті – жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 120 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

54 дана жүзу құралдары;
жалпы ұзындығы 244,6 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
1 226 дана (6 тонна) бекіре тұқымдас балықтар;
98 428 дана (61 тонна) таза тұқымдас балықтар;
63 дана (1 тонна) итбалықтар.

Алды алынған залал сомасы 2,3 млрд теңге.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы